31 қаңтар 2020 | 17:15

Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген 41 адам ауруханада жатыр

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 41 адам коронавирустан тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 41 адам коронавирустан тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы аптадағыдай әңгіме жалпы қызуы бар адамдар туралы емес, 6 ақпаннан бері Қытайдан келген адамдар туралы болып отыр. 31 қаңтардағы жағдай бойынша, оқшауланған блоктарда 66 адамнан қызу көтерілу және ЖРВИ белгілері анықталған. Ал жалпы ауруханаларда 41 адам бар, оның 25-і ауруханадан шықты. 

Реклама
Реклама

Біз ауруханаға түскен науқастарды қосымша тексерістен өткізу үшін сынаманы Алматыдағы қауіпті инфекциялар ғылыми орталығына жібереміз, ол жерде коронавирустың жаңа штаммын диагностикалау үшін полимеразды тізбектік реакция методикасы бар", - дейді Қазақстанның жұқпалы аурулардың жетекші маманы Динагүл Баешева брифингте. 

30 қаңтарда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 38 адам ауруханаға жатқызылған. Ал 29 қаңтарда Қытайдан келген 35 адам ауруханаға жеткізілген. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан және іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтардан дәрігермен байланысып, емханаға қаралуды сұрады. 

"Соңғы 14 күнде Қытай Халық Республикасынан және соған іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтарға өзінің емханасына келіп не хабарласып, қандай да бір ауруға шалдыққан болса өз дәрігеріне тіркеуге тұру керегін айтқым келеді. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасап отырған шара, біздің медициналық мамандар бақылау жүргізуі үшін. Денсаулық нашарлаған жағдайда, біз шара қолданып, сізді және отбасыңыздың мүшелерін қауіпсіз етуіміз керек. Біз сіздерге әрдайым хабарласа бере алмаймыз", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Сонымен қатар, министр қазақстандықтардан коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратпауын сұрады. 

Министр Қытайдан келген қазақстандықтарға үндеу жасады

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная