Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың саны 10 мыңнан асты - Біртанов

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың саны 10 мыңнан асты - Біртанов Сурет: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған 10 мыңнан аса адам тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған 10 мыңнан аса адам тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус пандемиясы өкінішке қарай бүкіл әлемде жалғасып жатыр, Қазақстан олардың қатарында. Бұл жұқпалы аурудың таралуы, сондықтан, әрине, көрсеткіш өседі. Осы инфекцияның таралу қарқыны мен құрбандарының санын қарайтын болсақ, әр елдің көрсеткіші әрқалай", - деді министр.

"Бүгінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны 10 мыңнан сәл жоғары, алайда өсу қарқыны күнделікті 3-5 пайыз шамасында. Бірқатар өңірде бұл өсім қарқыны артып келеді, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда да байқалады", - деді Біртанов.

Реклама
Реклама

Айта кеткен жөн, coronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, тіркелген оқиғалар саны 9932.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама