ПОДЕЛИТЬСЯ
27 маусым 2022 | 10:45
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр
Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
26 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 адам тіркелді.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 13,
- Алматы қаласында - 52,
- Ақмола облысында – 1,
- Қарағанды облысында - 1.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 300-ге жетіп отыр.
27 маусымдағы мәлімет бойынша, 436 адам коронавирус инфекциясынан (–374+ және 62 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 64 пациент стационарда, 372 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: 3 адамның жағдайы ауыр.
Айта кетейік, 27 маусымда 66 жаңа жағдай тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также