ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2020 | 17:03
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдеу хаттамасы 11 рет өзгерген
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдеу хаттамасын 11 рет өзгерген. Бұл туралы Алматыда өткен онлайн-брифингте инфекционист дәрігер Тамара Утағанова мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол жаңа емдеу хаттамасындағы дәрігерлер бас тартқан препараттарды атады.
"Коронавирусты емдеу және диагностикалау хаттамасы өзгерді. 11-ші рет редакциядан өтті. Хаттама тәжірибе, дағды, әлемдегі әріптестерімізбен пікір алмасу нәтижесінде өзгереді. Біздің хаттамадағы вирусқа қарсы терапия қайта қаралды, қазір "Ремдесивир", "Фавипиравир" енгізілді. "Гидроксилохлорохин" және "Лопиновир" ДДҰ ұсынған препараттар болса да алынып тасталды", - деді дәрігер.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін Жапонияда пайда болған "Фавипиравир" дәрісінің өндірісі жоспарланып отыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также