ПОДЕЛИТЬСЯ
22 наурыз 2020 | 21:34
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 59-ға жетті
Алматыда коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы 21.30 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында - 24 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 59 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда 2 адам және Алматыда 1 адам, Ақтөбеде 1 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Олардың біреуі - 1976 жылы туған шетелдік азамат, Қазақстанға бүгін түнде Лондоннан ұшып келген. Екінші адам - 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Екеуі де стационарда. Жағдайлары қанағаттанарлық.
Алматыда тіркелген 1992 жылы туған қыз. Науқас 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Қазір стационарға карантинге жатқызылды .
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также