11 сәуір 2020 23:05

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 865 болды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың қатарында Алматы облысыда - 1, Батыс Қазақстан облысы - 1, Қарағанды облысы - 1, Шымкент қаласында - 2, Түркістан облысында - 1 жағдай тіркелді.

Реклама
Реклама

Қазақстан бойынша барлығы 865 жағдай.

Коронавирус жұқтырғандардың жағдайы да мәлім болды.

"Батыс Қазақстан облысындағы бір жағдай. Коронавирустық инфекция табылған азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 37 жастағы Батыс Қазақстан облысы тұрғыны.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтан жөтелу, тұмаурату белгілері анықталды", - делінген хабарламада.

Аталған азамат іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды.

Түркістан облысы - 1 жағдай. Арыс қаласының 1995 жылғы тумасы Ақтау қаласында жұмыс істеген. 31 наурыз күні үйіне келген.

"Қарағанды облысы - 1 жағдай. Науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адам", - делінген хабарламада.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram