27 желтоқсан 2020 | 09:15

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 11 адам қайтыс болды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов©

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 11 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 11 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 605 адам короновирус инфекциясынан (10 456 КВИ+ және 12 149 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 5 040 пациент стационарда, 17 565 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Реклама
Реклама

КВИ+, КВИ-  шалдыққандар арасында:

- 247 адамның жағдайы ауыр;
- 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 48 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

2020 жылғы 27 желтоқсанда тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 107 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45415, 490 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32776 жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram