23 тамыз 2021 08:42

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 137 адам қайтыс болды

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирустан және оның белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 137 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирустан және оның белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 137 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

21 тамызда ПТР-талдауы оң (КВИ+) 113 адам коронавирустан қайтыс болған, тағы 24 науқас коронавирус симптомдары бар (бірақ ПТР-талдауы теріс (КВИ-) науқас қайтыс болған.

21 тамызда 27 науқаста ковид пневмониясы анықталғаны хабарланып отыр.

Реклама
Реклама

23 тамыздағы мәлімет бойынша 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (118 989 КВИ+ және 5 882 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 30 197 пациент стационарда,
  • 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  •  1 944 адам ауыр жағдайда,
  •  518 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  312 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram