ПОДЕЛИТЬСЯ
03 шілде 2021 | 09:05
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 25 адам қайтыс болды
1 шілдеде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды. 117 науқас аса ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
1 шілдеде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды. 117 науқас аса ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметі бойынша, қайтыс болған 19 адамда ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен, ал алтауында ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсетіп, COVID-19 белгілері бар пневмония анықталған.
"Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 87 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.
3 шілдедегі мәлімет бойынша 28 575 адам коронавирус инфекциясынан (27 231 КВИ+ және 1 344 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 8 640 пациент стационарда,
- 19 935 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 541 адамның жағдайы ауыр,
- 117 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 72 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Айта кетейік, Қазақстанда кейінгі тәулікте 2765 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также