ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2021 | 08:57
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 33 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
18 сәуірде Қазақстанда 18 адамда COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бір тәулікте 30 адам коронавирустан және үшеуі пневмониядан қайтыс болды.
20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 13 836 науқас стационарда, 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 663 адамның жағдайы ауыр;
• 176 науқастың жағдайы өте ауыр;
• 96 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Айта кетейік, бүгін коронавирус жұқтыру дерегі төмендегені байқалады. 19 сәуірде Қазақстанда 2 530 жаңа жағдай тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также