ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2022 | 12:52
Қазақстанда коронавирусқа байланысты қандай шектеулер енгізілуі мүмкін
Бас санитария дәрігері – денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ағымдағы және жоспарланған шектеу шаралары туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас санитария дәрігері – денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ағымдағы және жоспарланған шектеу шаралары туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОҚК-де өткен брифингте сөйлеген вице-министр Қазақстанда желтоқсанда қарашамен салыстырғанда аурушаңдық 2,3 есеге – 2169-дан 5127 жағдайға өскенін айтты. Күніне 300-ге дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ- жағдайлары тіркеледі.
"Коронавирус инфекциясына қатысты қолданыстағы шектеу шараларына сәйкес, R индикаторы 1-ден жоғары тіркелген кезде халық көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылады. Өңір "сары" аймаққа ауысқанда, ұжымдарға қатысты шара қолданылады, бұл жақын қарым-қатынастағы адамдарды, вакцинаға абсолют қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру, білім беру ұйымдарында топтарды біріктіретін іс-шараларды өткізуге жол бермеу", - деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Сондай-ақ, еліміздің бас санитария дәрігерінің айтуынша, өңірлер "қызыл" аймаққа көшкен кезде шектеу шаралары қабылданады: жиналыстардың онлайн форматқа көшуі, жабық орындарда, көліктің барлық түрлерінде бетперделерді міндетті түрде тағу, жабық мекемелерге баруға шектеулер енгізу, нысандарда Ashyq қосымшасын міндетті түрде қолдану, сондай-ақ іс-шаралар кезінде нысандардағы адам санын 50 пайыздан асырмай шектейтін қызметкерлердің 30 пайызын қашықтағы жұмыс түріне ауыстыру.
"Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы мен барлық өңірлер "жасыл" аймақта болды, алайда R индикаторы республиканың 15 өңірінде бірден жоғары. Жетісу, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқасында", - деп қосты Айжан Есмағамбетова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также