01 тамыз 2020 | 11:21

Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы екпе салынды

© Tengrinews.kz

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында коронавирусқа қарсы вакцина салынды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында коронавирусқа қарсы вакцина салынды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Вакцина салынған алғашқы қазақстандық - орталық директоры Қайсар Табынов. Препаратқа COVAX-19 атауы берілген. Аустралияда жасалған вакцина клиникалық сынаманың бірінші фазасынан өткен.  

Реклама
Реклама

"Бұл шынында коронавирус пандемиясы басталғалы алғашқы жақсы жаңалық шығар. Яғни, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның пайда болуы. Жалпы, халықты осы өте жағымсыз және қауіпті аурудан жаппай иммундау тақырыбы қазір әлемде өте өзекті. Иммунология және вирусология саласындағы көптеген маман коронавирустың осы түрі туралы қажет білім алып, пандемияны әлемнің әртүрлі еліне вакциналарды қолдана бастағанда ғана тоқтатуға болатынын айтады. Бұл препараттарды жасауға көптеген ғылыми ұжым, институт пен компания айналысады. Оның ішінде отандық вакцинамен біздің мамандар да жұмыс істепжатыр. Қолдану үшін үлгілер дайын", - дейді тілші Григорий Беденко. 

Жаппай вакцинациялау - біраз уақыттың мәселесі. Бірақ уақыт факторы өте маңызды, себебі, өкінішке қарай, инфекциядан қайтыс болғандар саны өсіп келе жатыр. Сондықтан Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығы балама шешім ұсынады. 

Телеарна тілшісі Қазақстанның жеке вакцинасын Жамбыл облысы Отар аулында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты айналысып жатқанын айтты.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная