15 шілде 2022 | 13:33

Қазақстанда коронавирусқа қатысты жаңа шектеулер қандай болуы мүмкін?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният COVID-19-дың таралуына байланысты қандай шектеулер болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният COVID-19-дың таралуына байланысты қандай шектеулер болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңа әдіспен жасалады.

"Сары" аймаққа өткен кезде инфекция ошағын оқшаулауға (бизнеске ауыртпалықсыз) бағытталған қосымша шаралар қабылданады.

Реклама
Реклама

"Денсаулық сақтау министрлігі бұл шараларды әзірледі, олар ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында талқыланады. Бұл - байланыста болған адамдар, жұмыс пен шектеулер, иммунитеті жоқ науқас қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көлікте бетперде тағуды міндеттеу шаралары қабылданады", - деді Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, "қызыл" аймаққа өткен кезінде "сары" аймақта қабылданатын шаралармен қатар, стационар мен АМСК жүктемесіне байланысты екі кезеңде халықтың жүріп-тұруы мен кәсіпкерлік субъектілері қызметін шектеу шаралары қабылданады.

Министр шаралар қабылдау жөніндегі осы ұсыныстардың бәрі Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізілетінін айтты.

Сондай-ақ, министрден елдегі қозғалысқа және шекарадан өтуге шектеулер енгізу мәселесі де сұралды.

"Менің ойымша, мұндай қатаң шектеулер болмайды. Инфекция өзгерді, вирус та өзгерді, ал ағымы азды-көпті жеңілірек. "Қызыл" аймақта шектеу шаралары болады, бірақ қатаң емес", – деді Ажар Ғиният.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная