ПОДЕЛИТЬСЯ
28 мамыр 2023 | 17:59
Қазақстанда коронавирусқа қатысты шектеулер ресми түрде алып тасталды
COVID-19 пандемиясының аяқталуына байланысты шектеу шаралары туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
COVID-19 пандемиясының аяқталуына байланысты шектеу шаралары туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі сайтына сілтеме жасап.
ДСМ мәліметінше, бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойған. Ол - "Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы".
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халық арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулыларының күші жойылды", - делінген хабарламада.
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтында танысуға болады.
Бұл ретте, ДСМ COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлады.
"Вирустың таралуы жалғасып жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также