01 сәуір 2020 18:01

Қазақстанда коронавируспен күресу үшін қанша ақша бөлінді?

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үкіметтің коронавируспен күреске үш рет ақша бөлгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үкіметтің коронавируспен күреске үш рет ақша бөлгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімет резервінен коронавируспен күресу үшін үш рет ақша бөлінді. Біріншісі 29 қаңтарда, ол кезде бір миллиард 609 620 мың теңге бөлінді. 21 ақпанда қосымша 428 миллион 227 мың теңге бөлінді. Ал үшінші рет 25 наурызда 21 миллиард 430 миллион 635 мың теңге бөлінді", - деді министр.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бұл қаражаттың барлығы дәрі-дәрмектерге, медицина заттарына және зертханалардың жабдықтарына, маскаларға, қолғаптарға, арнайы костюмдер мен тест алуға жұмсалды.

Еске салайық, мұның алдында министр карантин мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram