08 тамыз 2021 | 08:58

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото © ️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

6 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 122 адам қайтыс болды. 405 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

6 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 122 адам қайтыс болды. 405 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.

6 тамызда коронавирусқа (КВИ+) ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 105 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан(КВИ -) ПТР-сынамасы теріс болған 17 науқас қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері барлығы 10 051 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 8 тамыздағы мәлімет бойынша 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (107 348 КВИ+ және 3 891 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 30 633 пациент стационарда,
  • 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 1 918 адамның жағдайы ауыр,
  • 405 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 196 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная