18 маусым 2020 | 18:17

Қазақстанда коронавирусты анықтауға арналған тестіні кімдер тегін тапсыра алады?

© elements.envato.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстанда кімдер ПТР-тестін тегін тапсыра алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстанда кімдер ПТР-тестін тегін тапсыра алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Міндетті тест тапсырушылардың құрамы Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы бойынша анықталған. 

Реклама
Реклама

"Бұл категорияға коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен вирус тасымалдаушылар жатады. Сондай-ақ бұл тізімде ЖРВИ, тұмау және пневмония анықталғандар жатады. Яғни, егер науқаста респиратор белгілері бар болса, ол міндетті, коронавирусты анықтауға арналған тестті тегін тапсыра алады. Одан бөлек, оған коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, медицина қызметкерлері, әскерге шақырылғандар мен мемлекеттік шекарадан өтетіндер жатады", - деп түсіндірді Лязат Ақтаева. 

Сондай-ақ, тегін ПТР-тестін жоспарлы немесе шұғыл медициналық-санитарлық мекемелер мен стационарға жатқызылғандар тапсыра алады. Ләззат Ақтаева ел бойынша тәулігіне 28 мыңға жуық тест өткізілетінін айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram