Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру дерегі бар ма? Министрлік жауабы

Сурет: elements.envato.com

Қазақстанда және әлемде коронавирусты қайта жұқтырған бірде-бір науқас әлі анықталған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтыру дерегі тіркелген жоқ, бірақ бұл жаңа ауру болғандықтан, біз қайта ауру мүмкін бе, жоқ па нақты айта алмаймыз. Бірақ бұл сұраққа әлі де, өкінішке қарай, ешбір елде нақты жауап бере алмайды. Мұны білу инфекция жұқтырып, аурудан айыққандарды ұзақ уақыт бақылағаннан кейін мүмкін болады", - деді Қожанова ОКҚ брифингінде.

Ол мұндай адамдарды зерттеу ағзадағы COVID-19 антиденелерінің ұзақ сақталатынына байланысты екенін түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Адамдарда ауру ұзаққа созылған жағдайлар болды, яғни денсаулығы жақсарады, кейін қайтадан асқынып кетеді. Бірақ бұл қайта жұқтыру емес, өйткені жағдай нашарлағанға дейін толық қалпына кемеген", - деді ол.

Сонымен бірге, Қожапованың айтуынша, адамнан вирус қайта анықталса, пациент басқалар сияқты қолда бар хаттама бойынша ем қабылдайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама