12 қаңтар 2023 | 17:35

Қазақстанда коронавирустың "кракен" нұсқасы анықталған жоқ - министрлік

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустың "кракен" нұсқасы тіркелмегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустың "кракен" нұсқасы тіркелмегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есмағамбетованың айтуынша, республикада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне оң ПТР нәтижесі бар 200, теріс ПТР нәтижесі бар 10 COVID-19 жағдайы тіркеледі.

"Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республика және барлық өңірлер "жасыл" аймақта. Өткен аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру 4 пайызға төмендеді (1135 жағдайдан 1089 жағдайға дейін). Бөлінген штамдардың соңғы реттілігі республикада 100 пайыз "омикрон" нұсқасының айналымы анықталғанын көрсетті. Қазақстанда жаңа "омикрон" ("кракен") нұсқасы анықталған жоқ", - деді Айжан Есмағамбетова.

Реклама
Реклама

Бас мемлекеттік санитария дәрігер әлемде "омикрон" нұсқасы басым екенін, зерттелген үлгілердің 99,9 пайызын құрайтынын айтты.

Бұған дейін Ресейде "кракен" коронавирусының жаңа нұсқасы алғаш рет анықталғаны белгілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная