23 қараша 2020 13:03

Қазақстанда коронавирустың мутациялары анықталды

Фото: pixabay.com

Қазақстанда коронавирустың бірнеше мутациясы анықталды. Қазіргі уақытта оларды ғалымдар зерттеп жатыр. Кей мутациялардың шетелден әкелінгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирустың бірнеше мутациясы анықталды. Қазіргі уақытта оларды ғалымдар зерттеп жатыр. Кей мутациялардың шетелден әкелінгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіндегілер коронавирус мутациясы туралы ресми сауалға жауап берді. Ведомстводағылар COVID-19 барлық басқа вирус сияқты үнемі мутацияға ұшырайтынын атап өтті.

Реклама
Реклама

"(...) Бүгінде коронавирус геномынан 13 000-нан аса мутация анықталды. Алайда осы мутациялардың ешқайсы үшін вирустың "агрессивтілігінің" айтарлықтай жоғарылауы көрсетілмеген, яғни бұл мутанттардың патогенділігі немесе жұқпалылығы айтарлықтай жоғарыламайды.

"Біздің ғалымдар Қазақстандағы SARS-CoV-2 штамдарын және олардың геномдарын зерттейді. Бірнеше мутация анықталды: олардың бір бөлігі шетелден әкелінді, ал бір бөлігі біздің отандастарымыздың арасында пайда болған. Басқа жерлерде сияқты Қазақстанда пайда болған бұл мутациялар коронавирустың агрессив түрлерінің пайда болуына әкелген жоқ", - делінген Комитеттің жауабында.

Қазақстанда коронавирустың қауіпті мутациялары анықталды ма?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram