Қазақстанда коронавирустың "ұлыбританиялық" және "оңтүстікафрикалық" мутациясы расталды

Фото ©Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда SARS-CoV-2-нің "ұлыбританиялық" және "оңтүстікафрикалық" мутациясы анықталды. Бұл туралы Алматыдағы Халықаралық вакцинология орталығының басшысы Қайсар Табынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда SARS-CoV-2-нің "ұлыбританиялық" және "оңтүстікафрикалық" мутациясы анықталды. Бұл туралы Алматыдағы Халықаралық вакцинология орталығының басшысы Қайсар Табынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 наурызда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда COVID-19 талдауының үлгілерінде "ұлыбританиялық", "оңтүстікафрикалық", "бразилиялық" штамдарға ұқсас мутациялар анықталғанын хабарлаған болатын.

"Аталған мутациялардың бар екенін растау үшін бұл үлгілер ҚазҰАЗУ халықаралық вакцинология орталығына берілді. Университет қызметкерлерінің, сондай-ақ TreeGene генетикалық зертханасының жедел және үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзім ішінде COVID-19-ға оң нәтиже көрсеткен екі үлгінің толық S гені жүйеленді", - деді Табынов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, зерттеу нәтижелері бір S үлгісінде геннің құрамында B.1.1.7 "ұлыбританиялық штамына" тән амин қышқылдарының алмастырғыштары мен амин делекциясы бар екенін көрсетті. Екінші сынамада S генінде "оңтүстікафрикалық штамға" тән B. 1.351 аминқышқыл алмастырғыштары мен аминқышқыл делециялары бар.

"Осылайша, Қазақстанда ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық мутацияға ұшыраған SARS-CoV-2 вирустары анықталды. Мұндай мутациясы бар вирустар жұқпалы болатыны белгілі", - деді ғалым. 

Оның айтуынша, енді бұл вирустар ғалымдарға COVID-19-ға қарсы отандық және шетелдік вакциналар мен дәрі-дәрмектердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама