28 желтоқсан 2020 | 15:12

Қазақстанда коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы анықталды ма?

© elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова "ұлыбританиялық" коронавирус штамының таралуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова "ұлыбританиялық" коронавирус штамының таралуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол вирустың мутациялануы қалыпты процесс екенін айтады. 

Реклама
Реклама

"Коронавирус анықталған жылы да айтарлықтай мутация болған. Себебі ол процеске қосылып, көбеюі үшін адами рецепторларға үйренісіп кетеді.  

Ұлыбританиялық ғалымдар анықтаған вирус мутациясына қатысты, тағы да қайталап айтамын, ол қалыпты процесс. Бүгінде біздің елімізде мамыр-қыркүйек айларында 140 штам анықталған. Ол 14 өңірде зерттелген штамдар", - деді Есмағамбетова ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, Қазақстанда Германия, Испания, Украина, Ресей, АҚШ және Қытайда тараған штамдар анықталған. 

"Оның ішінде, ұлыбританиялық мутация біздің елде тіркелген жоқ. Қазір ақпарат жиналып жатыр, яғни қазаннан желтоқсанға дейін анықталған вирустарды ретке келтіру үшін еліміздің барлық аймақтарынан оң нәтижелер бар", - дейді комитет басшысы. 

"Жағдайды ушықтырған мутация". Ұлыбританияда тарап жатқан коронавирустың жаңа түрі туралы не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы тез тарап жатқаны хабарланған болатын. Вирустың бұл түрінің ерекшелігі - ол адамнан адамға 70 пайызға тез жұғады. БАҚ мәліметтерінше, COVID-19-дың жаңа штамы Ұлыбританиядан бөлек тағы бірнеше елде анықталған. Ғалымдар вирустың бұл түрі вакциналарға кері әсер етпейтінін айтады. Алайда жаңа "ұлыбританиялық" штамм балаларға қауіпті болуы мүмкін екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram