Қазақстанда күн әлі де жылы болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 23, 24 және 25 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 23, 24 және 25 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына антициклон сілемі ықпал етеді. Елдің көп өңірінде жылы, ашық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында циклон ойысының ықпалымен жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болады деп болжанған. Республиканың аумағында желдің күшеюі күтіледі, ал батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", - деді синоптиктер.

Реклама
Реклама

Температуралық фон бойынша айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, деп қосты "Қазгидромет".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама