Қазақстанда күн жылынады

Қазақстанда күн жылынады Фото: elements.envato.com

Қазақстанда күн жылынады. "Қазгидромет" синоптиктері 16-18 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда күн жылынады. "Қазгидромет" синоптиктері 16-18 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың болжамы бойынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі.

"Сондай-ақ, антициклонның таралуымен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Тек аптаның басында республиканың шығыс бөлігінде, содан кейін батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 15 наурыздағы Қазақстандағы ауа райын айтқан болатын. Бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Олар: Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама