Қазақстанда күн жылынады

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, 5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-батыс пен солтүстікте қар жауады деп күтіледі. 7 наурызда атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен еліміздің шығыс облыстарын қоспағанда, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Қазақстан бойынша тұман күтіледі.

"Фондық температураға келетін болсақ, 7 наурызда термометр бағаны Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градус аязды, оңтүстікте 5-15 градус жылыны көрсетеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама