ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2024 | 14:58
Қазақстанда күн жылынады
Синоптиктер Қазақстанда 16, 17 және 18 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанда 16, 17 және 18 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, алдағы үш күнде батыста, солтүстік-батыста, апта соңында Қазақстанның шығысында, 17-18 наурызда Қызылорда облысында атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады: жауын-шашын болады; 18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, 16 наурызда күндіз, Маңғыстау облысында 17 наурызда қатты жаңбыр күтіледі.
16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Шығыс Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста және орталықта төмен деңгейлі боран күтіледі.
"Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы 8-20 градусқа, солтүстік жартысында 0-8 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также