Қазақстанда күн жылынады

viewings icon 636
comments icon 0
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 31 қазанда, сондай-ақ 1 және 2 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанда 31 қазанда, сондай-ақ 1 және 2 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ пен тұман күтіледі. 1 қарашада республиканың батысында жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтіледі.

"Ауа температурасының жоғарылауы болжанған: күндіз елдің батысында +12+17 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15 градусқа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17 градусқа дейін, ал таулы аудандарда +3 + 8 градус", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная