ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қазан 2021 | 12:01
Қазақстанда күн жылып, жауын-шашын тоқтайды
Қазақстанда күн жылып, жауын-шашын тоқтайды. Синоптиктер 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда күн жылып, жауын-шашын тоқтайды. Синоптиктер 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, кезең ішінде ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады.
"Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте - көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 13...20-ға дейін біртіндеп жоғарылайды, солтүстікте, шығыста және орталықта 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 13...20-ға дейін", - делінген хабарламада.
Еліміздің қалалары бойынша ауа райы болжамын Tengrinews.kz сайтының арнайы бөлімінен табуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также