ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2024 | 14:03
Қазақстанда күн күркіреп, екпінді жел соғады
Синоптиктер Қазақстанда 4, 5 және 6 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанда 4, 5 және 6 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар болжамы бойынша, республика аумағының басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп 15-20 градус Цельсийге дейін көтеріледі деп күтіледі.
"Қазақстанның қалған бөлігінде фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) күтіледі. Қазақстанда 6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, түнде және таңертең Қазақстан бойынша тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также