ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2023 | 11:39
Қазақстанда күн күрт суытады
Синоптиктер 6-8 сәуір күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 6-8 сәуір күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады.
6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
7 сәуірде елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде Скандинавия өңірлерінен солтүстік-батыс антициклонның басып кіруінің әсерінен ауа температурасының күрт төмендеуі, сондай-ақ жаңбырдың қарға ауысуы күтіледі.
"Республикада жел күшейіп, тұман күтіледі. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Түнде -12 градус аяз, күндіз 5 аяз болады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также