17 мамыр 2021 12:58

Қазақстанда күн салқындайды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Осы кезеңнің соңында бірнеше облыста күн салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Осы кезеңнің соңында бірнеше облыста күн салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады.

"20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 жылыға дейін, орталықта 15-20, кей жерлерде 12 градус жылыға дейін, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін төмендейді. Республика бойынша жекелеген аудандарда жел күшейіп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram