ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2021 | 10:47
Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 1,5 есе қымбаттады
Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады. Кейбір өңірде баға литріне 732 теңгеге дейін жеткен. Баға 1,5 есе өсті. Сонымен қатар, тазартылған май өндірісі бір жылда бірден 54,4 пайызға өсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады. Кейбір өңірде баға литріне 732 теңгеге дейін жеткен. Баға 1,5 есе өсті. Сонымен қатар, тазартылған май өндірісі бір жылда бірден 54,4 пайызға өсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Ішкі нарықта күнбағыс майының бағасы өсіп барады. Елдегі базарлар мен дүкендерде май литріне 637 теңгеден - бір ай бұрынғыға қарағанда 1,9 пайызға қымбат және бір жыл бұрынғыға қарағанда 44,3 пайызға қымбат сатылып жатыр.
Елдегі ірі қалалар арасында күнбағыс майы Атырауда литріне 732 теңге. Жоғары баға Алматы мен Өскеменде де байқалған. Ең арзан май Петропавлда: литріне 562 теңге.
2021 жылдың бірінші тоқсанында елде 50,9 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,9 пайызға көп. Тазартылған май өндірісі бір жылда бірден 54,4 пайызға, 45,2 мың тоннаға дейін өскен.
Өңірлік бөліністе тазартылмаған күнбағыс майын шығару негізінен Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарына тиесілі. Тазартылған майды өндіру бойынша Шымкент, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы көш бастайды.
Айта кетейік, қазақстандық бес ірі күнбағыс майын өндірушінің монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді. Осы жылдың алғашқы екі айында күнбағыс майы 6,7 пайызға қымбаттаған. Былтыр осы кезеңде бағаның 0,3 пайызға төмендегені байқалады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также