28 тамыз 2023 14:26

Қазақстанда құрғақшылыққа байланысты күріш тапшылығы бола ма?

Сурет: freepik.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда құрғақшылыққа байланысты күріш тапшылығы бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда құрғақшылыққа байланысты күріш тапшылығы бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шынында, биыл қатты құрғақшылық болды, бірақ барлық аймақта емес. Қызылорда облысы әкімдігі мәліметінше, өңірде құрғақшылықтан күріш дақылдары зардап шекпеген. Жыл сайынғы деңгейде қанағаттанарлық өнім күтіліп жатыр. Біз жартысын тұтынып, қалғанын экспорттаймыз. Сондықтан құрғақшылықтан күрішсіз қаламыз деген қауіп жоқ", - деді ОКҚ брифингінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов.

Шенеуніктің айтуынша, Қазақстанда айтарлықтай экспорттық әлеует бар. Отандық ауылшаруашылық өнімдерін Ресей мен Үндістандағы экспорт жабылғандықтан, жаңа нарықтарға жіберуге болады.

Реклама
Реклама

"Бірақ бәрі біздің өндірушілердің шешіміне байланысты. Бағаның қандай болатынына, жаңа нарықта немесе бұрын экспорттаған ескі нарықта, қайсы тиімдірек екеніне байланысты шешім қабылдайды", - деп қосты Ахметов.

Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су тапшылығы мен егіннің қысқаруын ескеріп, күріш бағасын болжамдаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram