Қазақстанда қыз алып қашу үшін жаңа жаза ұсынылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда қыз алып қашу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда қыз алып қашу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, заңға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр.

"Мен өзгертулер енгіздім, ұсыныс жасадым, қазір ол Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық-процестік кодекстерін оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауында. Әр түрлі жауапкершілік түрлері қарастырылған, соның ішінде қылмыстық жауапкершілік – түрмеге қамау, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар", – деді депутат журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қалыңдық ұрлау үшін 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынылып отыр.

"Егер бұл әрекетті бір топ адам жасаса, кәмелетке толмаған қызға қатысты болса, егер қандай да бір зиян келтірілсе – 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Егер қарсы қалауымен үйінде ұстап, психологиялық және физикалық қысым көрсетілсе. Заң зардап шеккен адамның жағында болуы тиіс", – деп қорытындылады депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама