18 қыркүйек 2024 | 10:39

Қазақстанда қыздарды жаппай вакциналау: ата-ана нені білуі керек?

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы - адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жаппай вакциналау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы - адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жаппай вакциналау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 11 жасқа толған қыздар вакцина алуы керек. Сондай-ақ, 12 мен 13 жас аралығындағы қыздарды қоса алғанда, қайталама иммундау жүргізіледі. Тиісті қаулыға бір күн бұрын Қазақстанның бас санитария дәрігері қол қойды.

Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясы екенін дәлелдеді.

Реклама
Реклама

Қыздарды қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қорғау үшін вакцинация қажет. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Қазақстанда қолданылатын АПВ-ға қарсы вакцина өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеген. Бүгінде АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанда қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинацияның арқасында әйелдер арасында АПВ таралуы бүгінге дейін 90 пайызға төмендеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram