Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң жыл аяғына дейін қарастырылады - Сенат

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын түзетулерді 2025 жылдың аяғына дейін қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын түзетулерді 2025 жылдың аяғына дейін қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы туралы. Сенат баспасөз қызметі мәліметінше, заңды қарау заңнамада белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылып жатыр.

"Аталған Заңмен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң Парламент Сенатының 18 желтоқсандағы отырысында қаралатын болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 4 желтоқсанда Сенат отырысында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу жөніндегі заң жобасы қаралады деп жоспарланған еді. Алайда, бүгін бұл мәселе күн тәртібінен алып тасталғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама