06 наурыз 2019 | 15:29

Қазақстанда лифтілердің 40 пайызы жұмысқа жарамсыз - депутат

Иллюстрациялық фото: nvdaily.ru

Қазақстандағы 23,5 мың лифтінің 40 пайызға жуығын жөндеуге келмейді. Бұл мәселе көбіне Алматыда өзекті болып тұр, мұнда 1 900 лифтіні ауыстыру қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Василий Олейник айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы 23,5 мың лифтінің 40 пайызға жуығын жөндеуге келмейді. Бұл мәселе көбіне Алматыда өзекті болып тұр, мұнда 1 900 лифтіні ауыстыру қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Василий Олейник айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лифтілердің мәселесі бойынша Олейник индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне мәлім етті.

Реклама
Реклама

"Елімізде лифтілер қондырылған көпқабатты үйлердің саны 8,5 мыңнан асады, бұл - 23,5 мың лифт. Оның 40 пайызға жуығы жұмыс істеуге жарамыз. Мысалы, Семейде 127 лифтіні ауыстыру қажет. Олар 30 жылдан бері пайдаланылып келеді. Бұған 900 миллион теңгеге жуық қаржы керек.

Оралда 375 лифтінің 109-ын ауыстыратын уақыт жетті, ал Сәтбаевта лифтілердің 80 пайызы жұмысқа жарамыз. Бұл мәселе бойынша ең нашар жағдай Алматыда, мұнда 1 900 лифтіні жөндеу немесе ауыстыру қажет. Павлодар облысында мұндай 1 500 лифт бар, Қарағанды облысында - 736. Жалпы алғанда, елімізде 6 мыңнан аса лифтінің жұмыс істеу уақыты нормотивті мерзімінен асып кетті, - деді Олейник.

Депутат бұзылған лифтілер тұрғындардың өміріне қауіпті екенін атап өтті.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин депутаттың пікірін қолдады.

"Біз қанша айтсақ та, кез келген әкім кездесулерде қаншалықты жұмыс істеп жатқанын айтып мақтанса да, қарапайым тұрғындар кешке жұмыстан қайтқан соң тоғызыншы қабатқа жаяу көтеріліп келе жатып, баға береді", - деді Нығматулин.

Ол Қазақстанда лифт шаруашылығы бойынша зауыт ашу керек екенін айтты. Бұл идеясын ол Қазақстан машина жасау одағын басқаратын депутат Мейрам Пшембаевқа ұсынды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная