07 қазан 2020 | 18:10

Қазақстанда локдаун желтоқсанда енгізілуі мүмкін - Цой үш сценарийді атады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус эпидемиясының дамуының үш сценарийін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус эпидемиясының дамуының үш сценарийін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстанда эпидемия үш сценарий бойынша дамуы мүмкін екенін айтты, бұл болжамдарға апта сайын түзетулер енгізіліп отырады екен.

Реклама
Реклама

"Ең жаман сценарий бойынша, егер тек 60 пайыздық маска режимі қамтамасыз етілсе, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адамға жетеді. 65 мың адам ауруханаға жатқызылады. Локдаун енгізу желтоқсанның ортасына жоспарланған.

Екінші шынайы сценарий бойынша, әлеуметтік қашықтық пен 70 пайыздық маска режимін сақталса, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында болжамды жағдайлардың саны 90 мың адам болады. Ауруханаға 30 мың адам жатқызылады. Локдаун қаңтарда енгізіледі деп болжанып отыр.

Егер біз 100 пайыздық маска режимі мен қашықтықты сақтау ережелерін ұстансақ, төсек-орын сыйымдылығының 70 пайызына жеткенде енгізілетін қатаң карантинге жүгінудің қажеті болмайды. Осы оптимистік сценарий бойынша 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 40 мың адам болады, 15 мың адам ауруханаға жатқызылады", - деді Цой коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная