ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қараша 2024 | 15:09
Қазақстанда ІІМ Басқару академиясы құрылды
ҚР Үкіметі Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясын құру туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Үкіметі Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясын құру туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", – делінген құжатта.
Академияға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып Ішкі істер министрлігі белгіленді.
"Академияны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатыны белгіленсін", - делінген хабарламада.
Құжатқа премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также