ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2021 | 10:26
Қазақстанда макарон қымбаттады
Қазақстанда бір жылда макарон бағасы айтарлықтай өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда бір жылда макарон бағасы айтарлықтай өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Тамызда макарон 1,3 пайызға, ал өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға қымбаттады. Бір жыл ішінде баға ең көп өскен Атырау (22 пайыз), Қызылорда (18,4 пайыз) және Қарағанды (17,5 пайыз) облыстарында.
Макарон арасында кеспе едәуір қымбаттады - 12,4 пайызға, спагетти - 11,5 пайызға және вермишель - 10,9 пайызға. Мысалы, қыркүйекте базарлар мен дүкендерде кеспе бағасы бір келі үшін орта есеппен 782 теңге, вермишель - бір келісі 374 теңге, түтік кеспе - бір келісі 361 теңге болды.
Қазақстанның Астық одағы бағаның өсуі шикізат құнының ұлғаюымен байланысты дейді. Биыл отандық фермерлер бидайдан аз өнім алды. Егін көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмендеуі мүмкін.
Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында макарон өндірісі 100,8 мың тонна болды, бұл былтырмен салыстырғанда 13,3 пайызға аз.
Биыл қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 100,8 мың тонна макарон, кеспе, кускус және басқа да ұн өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,3 пайызға аз.
2021 жылғы қаңтар-шілде қорытындысы бойынша отандық компаниялар макарон өнімдеріне сұранысты 82,3 пайызға қамтамасыз етті. Импорт үлесі 17,7 пайыз. Елге 18,9 мың тонна макарон әкелінді.
Бұған дейін Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өскені хабарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также