03 шілде 2020 12:08

Қазақстанда маусымда пневмониядан 628 адам қайтыс болған

Пневмония ауруларының саны 2020 жылдың маусымында өткен жылмен салыстырғанда төрт есе өсті. Бұл туралы онлайн-брифингте еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2019 жылдың жарты жылдығы мен 2020 жылдың қорытындысы бойынша пневмониядан болатын өлім-жітімді қарайтын болсақ, 2019 жылдың алты айында 1780 жағдай болса, 2020 жылдың алты айында - 1772. Ағымдағы жылдың маусым айында пневмониядан болатын өлім-жітім 628-ге жетті. Егер пневмония аурушаңдығы туралы айтатын болсақ, биыл өткен жылдың алты айымен салыстырғанда 55 пайызға өсті, маусым айында өсім төрт есеге өсті", - деді ол.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, пневмония жағдайларының өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мұның себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram