12 қазан 2022 | 11:31

Қазақстанда майнерлерге қатысты жаңа талап енгізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстан криптовалюта майнерлерін 2024 жылдан бастап өз капиталының 75 пайызына дейін қазақстандық криптобиржаларда айырбастауға міндеттеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан криптовалюта майнерлерін 2024 жылдан бастап өз капиталының 75 пайызына дейін қазақстандық криптобиржаларда айырбастауға міндеттеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте цифрлық активтер нарығын дамытуға бағытталған "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заң жобасы мен оған қатысты төрт заң жобасының бастамалары талқыланған.

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, майнинг мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізіліп жатыр, себебі олар Қазақстан экономикасының толыққанды қатысушысы, сонымен қатар майнинг-пулдар да экономиканың бір бөлігіне айналады.

Реклама
Реклама

"Жасалып жатқан экожүйеде жаңа қаржы институты – қазақстандық криптобиржалар дамып келеді. Олардың қызметін қолдау 2024 жылдан бастап майнерлерге өз капиталының 75 пайызын отандық криптобиржаларға айырбастауға міндетті талап енгізу арқылы жүзеге асырылады", - деп түсіндірді Смышляева.

Бұдан басқа, Қазақстанда салық салу бөлігінде жабдықтарды әкелу кезінде қолданыстағы қосымша құн салықтарына және корпоративтік табыс салығын, майнинг-пулдың табысына салынатын салықты, криптобиржалардағы операциялардан төлемақыны республикалық бюджетке алу жоспарланып отыр.

Бұл ретте олардың қызметі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен реттеледі және лицензияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная