05 қаңтар 2023 | 17:21

Қазақстанда McDonald’s брендінің мейрамханалары жұмысын тоқтатады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Food Solutions KZ ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald’s брендімен жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі McDonald's Қазақстандағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Food Solutions KZ ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald’s брендімен жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі McDonald's Қазақстандағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Компания жұмысының қайта жандануы және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі туралы жақын уақытта жарияланатын болады. Біз осы ауысым жүзеге асқаннан кейін, компанияның өз жұмысын жалғастыруына байланысты барлық сұраққа жауап береміз", - делінген хабарламада.

Мейрамханалар желісі ашылғаннан кейін келушілерге жоғары сапалы өнімдер, түрлі мәзір мен қонақжай қызмет ұсынылатыны айтылған. Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар қолданыстағы жоғары стандарттарға, құндылықтарға және бизнес принциптеріне сәйкес жұмысын жалғастырады, делінген жазбада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та McDonald's желісі ет жеткізу мәселесіне байланысты Қазақстаннан кетуге ниетті екені туралы ақпарат пайда болған еді. Ақпарат көздерінің мәліметінше, Ресей нарығынан шыққан соң McDonald's Қазақстандағы франчайзилеріне ресейлік жеткізушілерден котлетке ет сатып алуға тыйым салған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram