17 шілде 2020 | 15:09

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне құтқарушы мәртебесін беру ұсынылды

Сурет: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Әлиақбар Матишев коронавирус жұқтырған науқастарымен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері қандай әлеуметтік көмек алуы тиіс деген сұраққа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Әлиақбар Матишев коронавирус жұқтырған науқастарымен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері қандай әлеуметтік көмек алуы тиіс деген сұраққа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қосымша ақы барлық қызметкерге - дәрігерлер, медбикелерден бастап күзетшілерге және жедел жәрдем жүргізушілеріне дейін қатысты болуы тиіс. Бұған қоса вирус жұқтырғандар қосымша ақы алуы керек", - дейді Матишев ОКҚ брифингінде қойылған сұраққа жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Матишевтің айтуынша, коронавирус және пневмониядан айыққандардың барлығы оңалтудан өтуі тиіс. Сондай-ақ олардың балалары үшін күтім мен бақылау қамтамасыз етілуі қажет.

"Медицина қызметкерлеріне шипажайлық-курорттық қалыпқа келтіру мен оңалту орындары қолжетімді болуы тиіс. Ынталандыру ретінде, екі адам медицина қызметкерлері болып жұмыс істейтін отбасылар бар, олар жақындарынан оқшауланған. Олардың балалары туған-туыстарынан басқа қайда барады?

Кейбір бала бақша осындай балалар үшін арнайы жұмыс істеуі керек деп ойлаймыз. Алдағы уақытта медициналық қызметкерлердің тұрғын үй, тұрмыстық жағдайын жақсарту және төлемдер, тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы түрінде көтермелеу қарастыру қажет, себебі бүгінде көбі баспананы жалға алады", - деді ол.

Матишев карантиндегі дәрігерлер жалақыны толық көлемде алуы тиіс екенін атап өтті.

"COVID-19 тіркеуін кәсіби ауру ретінде анықтау керек және тиісті кепілдіктер беру керек деп ойлаймыз. (...) Медицина қызметкерлері пандемия кезінде Қазақстанның азаматтық қорғаныс туралы заңына сәйкес әлеуметтік қолдаудың барлық шарасы қолданылуы үшін құтқарушылар мәртебесін беру керек", - деп қортындылады Мәтішев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная