ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2020 | 17:28
Қазақстанда медицина қызметкеріне берілетін төлемақы ережесі өзгерді
Еңбек және Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді. Құжатқа сәйкес коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырса, пневмониямен ауырып қалса және қайтыс болған жағдайда арнайы төлем жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді. Құжатқа сәйкес коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырса, пневмониямен ауырып қалса және қайтыс болған жағдайда арнайы төлем жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" нормативтік-құқықтық акті жарияланды.
"Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы", - деп жазылған бұйрықта.
Құжатта бір рет берілетін әлеуметтік төлемақыны алатын медицина қызметкерлерінің (қызметкер қайтыс болған жағдайда оның отбасы) тізімі жарияланған:
реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың және COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін айқындалған басқа да стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне; провизорлық стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмектің, оның ішінде амбулаториялықемханалық ұйымдар жанындағы дәрігерлер мен фельдшерлерге, сондай-ақ санитариялық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне; карантиндік стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмек бригадаларының жүргізушілеріне, сондай-ақ зертхана мамандарына, санитариялық-эпидемияға қарсы қызметтің қызметкерлеріне, жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шаралармен байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған жедел стационарлардың және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қабылдау бөлімдерінің қызметкерлеріне, сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ қызметкер жұқтыру (сырқаттану) салдарынан қайтыс болған жағдайда оның отбасына жүзеге асырылады.Қызметкер қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтінішті осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның отбасы мүшелерінің бірі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына береді.
Комиссия қайтыс болу туралы куәлікті алғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімін (бұдан әрі -
отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізімі) қалыптастырады.
Қалыптастырылған отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізімін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауы комитеті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді
Мұндай өтінішті толтырудың үлгісін мына жерден жүктей аласыз.
Еске салайық, бұған дейін жұмыс барысында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері 2 миллион теңге әлеуметтік төлем алуға құқылы екені хабарланды. Коронавирус жұқтырып, аурудан қайтыс болған қызметкерлердің отбасына 10 миллион теңге төлемақы тағайындалған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также