18 қазан 2020 | 14:17

Қазақстанда медициналық қалдықтарды кәдеге жарату тәртібі өзгереді

Фото: kaz-waste.kz

Елімізде медициналық қалдықтарды кәдеге жарату тәртібі өзгереді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде медициналық қалдықтарды кәдеге жарату тәртібі өзгереді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістегі "Ақ Жол" фракциясының депутаттары медициналық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Олар бұл қызметте бірыңғай талаптар мен тарифтердің болмауынан түрлі сұрақ туындайтынын айтады. Мысалы, 1 келі қоқысты өңдеудің бағасы 20-818 теңге аралығында. Депутаттардың мәліметінше, әдетте 400 тоннадан аса эпидемиологиялық қауіпті, аса қауіпті және токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар жиналады екен.

Реклама
Реклама

"Бұл жағдайда медициналық мекемелер медициналық қалдықтарды кәдеге жарату кезінде "баға ұсынысының" демпингі пайда болады. Салдарынан медициналық қалдықтар тұрмыстық қалдықтар полигонында немесе тіпті рұқсат етілмеген полигонға тасталуы мүмкін. Бұл пандемиясы кезінде халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", - дейді "Ақ Жол" фракциясының депутаттары.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қалдықтарды есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2019 жылы ведомство медициналық қалдықтар бойынша ақпарат беру тәртібін бекіту жөніндегі құзыреті заңнамалық түрде бекітілді және медициналық қалдықтардың меншік иелерінен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды жыл сайын хабардар етуді талап ететін қағидаларды қабылдаған.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа кодексте медициналық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, көму және пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптар әзірленген.

Сондай-ақ, "өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, санитариялық қағида талаптары қайта қаралды және қалдықтарды залалсыздандыру сапасын бақылауға бағытталған қосымша талаптар енгізілді. Енгізілетін түзетулер эпидемиологиялық қатерді азайтуға мүмкіндік береді және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

"Лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің тізімінен алып тастау біліктілігі жоқ қызмет көрсетушілерге медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметпен айналысуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, біз "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы заңғы тиісті түзетулер енгізуді орынды деп санаймыз. Қазіргі таңда министрлік Азия даму банкі мен БҰҰ Даму жөніндегі бағдарламасының қаржылай қолдауымен Қазақстанда "медициналық персоналдың әлеуетін арттыру және COVID-19 жағдайында медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің тұрақты жүйесін құру" жобасын іске асырып жатыр. Жобаның құрамдас бөлігінің бірі - нормативтік құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды және стандартты операциялық медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы рәсімдер болып саналады. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы олқылықтарды ескере отырып, осы шараны іске асыру шеңберінде жұмыс тобы халықаралық сарапшылардың қатысуымен жыл соңына дейін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сұйық медициналық қалдықтарды кәдеге жарату және халық арасында медициналық қалдықтарды қауіпсіз түрде жинау, сондай-ақ медициналық қалдықтардың пайда болу нормативтерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді жоспарлап отыр", - дейді Цой.

Сонымен қатар, министр бұл жұмыс медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындауын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная