ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2023 | 17:49
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен бөлінген 400 миллиард теңге тиімсіз пайдаланылды - министрлік
Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев былтыр бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 421 миллиард теңге бол5анын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев былтыр бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 421 миллиард теңге бол5анын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2022 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 421 миллиард теңге немесе жалпы шығыстар көлемінің 2,3 пайызы болды. Бюджет қаражатын тиімді және толық игеруде әкімшілердің жауапкершілігін арттыру үшін шаралар қабылданды. Бұл тұрғыда орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты. Былтырдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардан 113 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 82 адам басшылық қызметте жүргендер", - деді ол.
Бұл ретте ол бюджет шығыстары 98,6 пайызға орындалып, 18,5 триллион теңгені құрағанын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также