ПОДЕЛИТЬСЯ
22 шілде 2019 | 14:28
Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту қалай жүзеге асып жатыр
Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәди Такиевтің айтуынша, Қазақстанда МЖӘ дамуы 2006 жылы "Концессиялар туралы" заңның қабылдануынан бастау алып, 2015 жылы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" заңның қабылдануымен қарқынды түрде дамуын бастады.
Осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша құны 1,29 триллион теңгені құрайтын 565 шарт жасалды. Солардың ішінде 9-ы - ресбпуликалық және 556-сы - жергілікті жобалар. Құны 1,89 триллион теңгеге тең 620 жоба дайындық сатысында.
"Жобалардың басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, мәдениет және спорт салаларына келіп тұр", - деп нақтылады вице-министр.
Білім беру саласында көбіне МЖӘ тетіктері арқылы балабақшалар салынып жатыр. 4 жылдың ішінде мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне деген ащы тапшылық республика бойынша жабылды деуге болады. Бүгінде МЖӘ тетігі арқылы 29 мың орынға шақталған 219 балабақша жұмыс істеп тұр.
2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында студенттер үшін Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жатақханалар салу жобалары жоспарлануда.
Сонымен қатар колледждерді сенімгерлік басқаруға беру бойынша және жазғы лагерлер желісін кеңейту бойынша тетіктер әзірленуде. Осылай Білім және ғылым министрлігі аталған тетікті қолдану арқылы 2023 жылға дейін жазғы уақытта шамамен 500 мың бала демалатын, лагерлер санын 236-дан 1000-ға шейін жеткізу жоспарлануда. МЖӘ аясында мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мәсепесі сәтті шешілуде, Ақмола облысында мектеп асхасын сенімгерлік басқаруға беру бойынша 21 шарт жасалған, іске асырылуы бойынша әртүрлі сатыдағы ұқсас жобалар Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігімен МЖӘ аясында онкологиялық ауруларға медициналық жабдықты сатып алу жүргізіліп жатыр. Жалпы, денсаулық сақтау секторында жобалардың кең ауқымы бар. Медициналық мекемелер, амбулаториялық клиникалар, медициналық техникалар сатып алынуда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы салынып, жаңартылып, пайдаланылуда.
Перспективалық бағыттардың бірі - спорт саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту. Өңірлерде спорттық нысандар ашылуда, 48 келісімшарт жасалды. Мысалы, жекеше серіктестер спорт мектептеріне спорттық объектілер үшін бұрын өндірістік алаңдар болған үйжайларды жалға береді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қалалық көгалдандыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тираждалатын болды, трендті бастаған Алматы қаласы. Осындай жоба Атырау қаласында бастау алайын деп жатыр.
Бұдан өзге, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес тарифтер, ақылы қызметтер және басқа да нарықтық құралдар есебінен инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ете отырып, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында және инфрақұрылымдық жобаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жандандыру жұмысы басталды.
Ұлттық экономика министрлігі мемлекет пен бизнес арасындағы мүдделер теңгерімін қалыптастыру және қолдау үшін МЖӘ әдіснамасын жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр.
Оның айтуынша, мемлекеттік-жекшелік әріптестік инвестицияларды барынша арттыруы тиіс.
"Қолданыстағы лимиттерді барынша көп инвестиция тартуға болатындай етіп пайдалану керек. Бұл, егер бюджеттен ең аз өтелетін жобаларға басымдық берілсе мүмкін болады", - деді Мәди Такиев.
Осы мақсатта Ұлттық экономика министрлігі осы жылдың басынан бастап жобалардың үш санатын анықтады:
I санат - жекеше серіктестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толық өтеу. Бұл 154 МЖӘ жобасы.
II санат - бюджет есебінен және нарықтан көрсетілетін қызметтер есебінен инвестицияларды жартылай өтеу. Бұл - 265 жоба.
III санат - бюджеттен өтелмейді. Өтеу қызметтер есебінен жүргізіледі (тариф, мемтапсырыс, Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі көрсету, ақылы қызметтер және басқалар). Бұл - 137 жоба.
Аталған шара, вице-министрдің айтуынша, бюджетке түсетін жүктемені алып тастауға және көбірек инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Бұдан өзге, Мәди Такиев МЖӘ жобалары мен олар бойынша қабылданған міндеттемелер ай сайын мониторингтен өтеді. Оны "МЖӘ орталығы" АҚ сайтынан жүктей аласыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының мониторингі мен бақылауы күшейтіледі және келесі жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау жаңа форматта жүргізілетін болады.
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау шеңберінде біз заңнамаға қандай өзгерістер қажет екенін көріп отырмыз, жергілікті атқарушы органдармен шұғыл жұмыс істейміз, кейде жобаның ықтимал теріс нәтижесін, мысалы, шарттардың бұзылуын, міндеттемелердің төленбеуінің алдын алуға бағыттаймыз", - деді Такиев.
Сондай-ақ, вице-министр осы жылдың мамыр айында мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы базасында инвесторларға "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетілетінін айтты.
Мұндай ақпараттық қолдау мыналарды қамтиды:
инвесторды оқыту және консультативтік-ақпараттық қамтамасыз ету; инвестор қызығушылық танытатын салада республикалық немесе жергілікті деңгейдегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын таңдау; жоспардағы, және конкурсқа жарияланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы потенциалды инвесторларды ақпараттандыру; Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру сатысында жеке әріптестермен жұмыс жүргізу.
"Әрбір жүгінген инвесторлармен жұмыс істейтін менеджерлер бар, олар жұмысты жүргізіп, әзірлеу сатысындағы жобаларды көрсетеді. Олар инвесторға бір жерден қызмет алуға көмектеседі. Бұл тетік пысықталған", - деді вице-министр.
Бүгінде 300 астам инвесторлардың өкілдерінен база қалыптастырылды. МЖӘ орталығының "Бір терезесіне" келген компаниялардың басым бөлігі жаңа мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іздеу үстінде
ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ҰЭМ "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдос Көбетов Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін жетілдіру туралы айтып берді.
Айдос Көбетов 2014 жылға дейін Қазақстанда бар болғаны үш ірі МЖӘ жобасы болғанын айтты, олар: "Шар - Өскемен" автожолы, Ақтаудағы халықаралық әуежай және Солтүстік Қазақстан электр желісі.
"2011 жылдан бастап біз ҚР ҰЭМ бірлесіп инвесторларды тарту тетіктерін кезең-кезеңімен енгізе бастадық. Біріншіден, бұл барлық облыстарды кеңейту жұмыстары болды. Бұған дейін тек әлеуметтік жобалар мен тіршілікті қамтамасыз ету жобалары іске асырылды. Одан кейін спектр кеңейтілді", - деді Айдос Көбетов.
2015 жылы МЖӘ туралы заң қабылданғаннан кейін "Жеке қаржылық бастама" тетігі пайда болды. Бүгінде қол қойылған 565 келісімшарттың 290-ы осы тетікке қатысты.
ҮАААЖ жобасын іске асыру аясында ерекше маңызды жобалар бойынша валюталық тәуекелді қабылдау, халықаралық арбитраж, жеке серіктес, мемлекеттік серіктес және қаржыландыру институты арасында келісімшарт жасауға мүмкіндік беретін тікелей келісім секілді негізгі өзгерістер енгізілді.
"Егер бөліністі алып қарайтын болсақ, 907 миллиард теңге сомасына 9 республикалық МЖӘ жобасы және 400 миллиард теңге сомасына 556 жергілікті жоба. Олар бойынша шығындарды өтеуге 1,1 триллион теңге жұмсалады. Инвестициялар тарту - шамамен 900 миллиард теңге. Шамамен 1:1", - деді ҚР ҰЭМ "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Сонымен бірге, ол бастапқыда инвесторларды мемлекеттің жауапты бағыттарына тарту міндеті тұрғанын атап өтті. Сондықтан да, инвесторлар үшін аса тартымды емес жобалар болды. Кез-келген мемлекеттегідей, Қазақстан қаржы салатын инвесторлар үшін қайтарымдылыққа кепілдік беріп, тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз етуі тиіс еді.
"Осы қабылданған міндеттемелердің арқасында жобалардың саны осыншалықты болды. Бірақ осы жылдың басынан бастап ҚР ҰЭМ саннан сапаға көшуді бастады, жобаларды үш санатқа бөлді", - деп түйіндеді Айдос Көбетов.
Показать комментарии
Читайте также