Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жаңа тыйым күшіне енді

Midjourney

Қазақстанда ойындар мен лотерея мәселелеріне қатысты түзетулер күшіне енді. Олар мемлекеттік қызметкерлерге бірқатар шектеулер қояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда ойындар мен лотерея мәселелеріне қатысты түзетулер күшіне енді. Олар мемлекеттік қызметкерлерге бірқатар шектеулер қояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұратындарға ставка жасауға және ойнауға тыйым салынды. Сондай-ақ, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдарға шектеулер қойылған.

Енді мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындар мен бәс тігуге қатыса алмайды. Шектеулерді сақтамау оларды жұмыстан шығаруға әкеледі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама