ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2024 | 16:00
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер жаңа әдіспен іріктеледі
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер жаңа әдіспен іріктеледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер жаңа әдіспен іріктеледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жолмановтың айтуынша, мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында былтыр e-Qyzmet.gov.kz сыртқы интернет-порталы іске қосылып, іріктеудің жаңа ережелері әзірленген.
"2023 жылдың 1 наурызынан бастап оған 6 мемлекеттік орган қосылды. Қазіргі уақытта 22 мемлекеттік орган қосылды. 1 шілдеде бұл жүйе 22 мемлекеттік органда қосымша енгізіледі", - деді агенттік төрағасының орынбасары.
Жаңа жобаның ерекшелігі – азаматтар кез келген уақытта және интернетке қолжетімді кез келген жерден онлайн режимінде байқаудың барлық кезеңіне қатыса алады.
"Тараптар арасындағы мүдделер қақтығысын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін кандидаттарға ID-нөмір беріледі. Сондай-ақ, адам факторын жою үшін конкурстық процедураның ашықтығы тәуелсіз прокурорлық жүйе арқылы қамтамасыз етіледі. Байқау жеңімпазын ақпараттық жүйе барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша жалпы балл бойынша дербес анықтайды", - деді Жолманов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также